Кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алады?

Кімдер ҰБТ тапсырмай грантқа түсе алады?
Фото: massaget.kz

Халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грантқа түсе алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Дарынды балаларды қолдау өте маңызды. Президенттің тапсырмасы бар. Биылдан бастап халықаралық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздарына конкурсқа қатыспай, ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына грант алу мәселесі қарастырылып отыр, — деді министр.

Сондай-ақ олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздарына арнайы сыйақы беріледі.

Н. Үсенова