Колледждерде оқу мерзімі қысқарады

Колледждерде оқу мерзімі қысқарады
Фото: edu news

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі. Соның аясында бірқатар өзгерістер енгізу мүмкін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді.

9-сынып негізінде колледжге түскендер үшін оқу мерзімін үш жарым жылдан 2 жылға дейін және 11-сынып негізінде екі жарым жылдан 1,5 жылға дейін қысқарту жоспарлануда. Бұл нарыққа кадрларды даярлау мерзімін қысқартып, оның сапасын арттырып, білім бағдарламаларын жаңартуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Колледждердегі білім беру грант көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды.

Биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.

Н. Үсенова