11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11 ақпан – ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні
Фото: edu news

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні бүкіл әлемде 11 ақпанда атап өтіледі. Аталған мерекені 2015 жылы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен.

Мереке әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі 52%-ды құрайды.

Н. Үсенова