ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті, - деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі А. Цой, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаева, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев, сондай-ақ Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек баяндады.

Үкімет басшысы шектеу шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтардың жұмыс тиімділігінің төмендігін, азаматтардың карантин режимін және бизнес субъектілерінің санитарлық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету, байланыста болған адамдар мен науқастарды қадағалау жөніндегі жұмыстың нашарлығын атап өтті.

Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салуды тапсырды. Рентген аппараттарын, жылжымалы медициналық кешендерді жеткізуді жеделдету тапсырылды.

Отырыста жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулыларын басшылыққа алатыны атап өтілді. Бұл ретте, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдай алады. 

ВАК бірқатар шешім қабылдады:

I. Мектептегі оқыту бойынша - екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300 балаға дейін болатын қала және ауыл мектептерінің жұмысы дәстүрлі форматқа көшірілсін; 

- ата-аналардың өтініші бойынша 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілсін. Бұл жағдайда санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік ара қашықтықты сақтау міндетті. 

II. Театрлар мен мешіттердің жұмысы бойынша А.ж. 2 қарашасынан бастап рұқсат етілсін:

- 30%-ға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен); 

- жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен). 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"