Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?

Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы халықаралық "Coursera" онлайн білім беру платформасымен ынтымақтастық жасап, қазақстандықтарға тегін онлайн оқу мүмкіндігін ұсынды. Курстарды оқу үшін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сайтында өтініш жіберіп, 31 қазанға дейін курстарды бастау керек.

"Coursera" қазақстандықтарға 31 пәннен 4,4 мың онлайн курсты тегін ұсынып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі платформамен келісімшарт жасасқан. 50 мың қазақстандық IT, гуманитарлық ғылымдар, экономика, физика, медицина, кәсіпкерлік, маркетинг және тағы басқа салаларға арналған курстарды өтіп білім ала алады.

Курстарда апталық жаттығу, видеодәріс, тест және өзге форматтағы контент бар. Сонымен бірге біраз курста соңғы жобаны қорғау, емтихан тапсырып сертификат алу мүмкіндігі бар. Бір курстың ұзақтығы орта есеппен – 6-10 апта. Курстар ағылшын және орыс тілдерінде өтеді.

Қалай өтініш жіберуге болады?

Бірінші Электрондық еңбек биржасы сайтына кіріп, 31 қазан күнгі сағат 18:00-ге дейін мына өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініш қабылданғаны туралы хат поштаға 1-2 күн ішінде келеді. Кейін өтініште көрсетілген e-mail арқылы coursera.org сайтына тіркеліп, курстарды 2020 жылдың 31 қазынан кешіктірмей бастау керек. Курста оқығанды растайтын тегін сертификатты алу үшін сабақты 2020 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей аяқтау шарт.

Платформаға тіркеліп, курс бастап кеткен қолданушы Ербол Молдажанның айтуынша, бұл – жаңа білім алып, дамуға таптырмас мүмкіндік.

"Бұл артық шығынсыз білім алуға нағыз керек бастама. Әрине, керекті білімге қанша ақша жұмсасаң да, көптік етпейді. Бірақ соны тегін алуға мүмкіндік беріп тұрса, неге пайдаланбасқа? Әлеуметтік желіде кездейсоқ көріп қалмағанда бұл туралы мүлде білмей кетер ме едім...

Негізі платформадағы біршама тегін курстар бар, бірақ мұндайда жұмыстар тексерілмей, сертификат берілмейді. Сондықтан Еңбек ресурстарын дамыту орталығы арқылы тіркелгенде тапсырмаларды тексертіп, курсты аяқтаған соң, сертификат алуға болады. Өзім ІТ негіздері, ағылшын тілі, прожект менеджментке қатысты курстарды зерттеп, біртіндеп бастап жатырмын", - дейді ол.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"