Оқу жылдамдығын қалай арттыруға болады?

Оқу жылдамдығын қалай арттыруға болады?
Фото: gazeta-licey.ru

Осыдан 30 жыл бұрын Принстон университетінде жылдам оқуға дағдылануға арналған "PX жобасы" атты семинар өткен. Тіл мамандары мен ғалымдар оқудың жылдамдығын 386% көбейткен.

Салыстырмалы түрде алса, тілдің ерекшелігіне қарай адамдар орта есеппен минутына 120-180 сөз оқиды. Егер төмендегі кеңеске құлақ ассаңыз оқу жылдамдығын 3-4 еселеуге болады.

1. Мәтінді оқу барысында тоқтамауға тырысып, жолдан жолға өткенде мұқият болу қажет.

2. Мүдірген жерді қайталап оқудың керегі жоқ.

3. Бір деммен оқитын сөздердің санын барынша көбейтуге тырысыңыз. 

4. Оқу шеберлігін жеке-жеке шыңдаңыз. Мысалы, оқу жылдамдығына дайындалғанда мазмұнын түсінудің қажет жоқ. Осылайша, алдымен оқу шеберлігін, жылдамдықты арттыру және мазмұнын түсіне отырып оқуды үйрену керек.

А. Рысдәулет