Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / ҰБТ жауабын қайдан көруге болады?

ҰБТ жауабын қайдан көруге болады?

ҰБТ жауабын қайдан көруге болады?

Бүгін елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тест тапсырып шыққан жас түлектер жауабын тағатсыздана күтері анық. Ал оны қайдан білуге болады?

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) 20 маусымда басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді.

ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862).

ҰБТ-2019 нәтижелерін:

- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;

- edu.mail.kz сайтынан;

- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.

Тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call-орталығы жұмыс істейді.

Мектеп бітірушілерге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі. Ақпараттық парақ арқылы мектеп түлектері өз мамандығы бойынша қанша грант барын, қандай шекті балмен грантқа түсуге болатынын біле алады. Бұл талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс және жинаған балл деңгейіне сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.

Грант санына келсек, 2019-2020 оқу жылына мемлекет 66 556 грант бөліп отыр. Оның 51 085-і бакалавриатқа, 13 159-і - магистратураға, 2 312-і - докторантураға (PhD) беріледі.

Фото: ktk.kz
Қосылған күні: 20 маусым, 11:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.