Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзі қалай пайда болды?

Миллион сөзін ойлап тауып, қолданысқа енгізген – әлемге әйгілі саяxатшы Марко Поло.

Ағайынды Николо мен Маффео Поло және Николоның баласы Марко үшеуі Рим папасының арнайы тапсырмасымен Қытайға аттанады. Қазіргідей лезде ұшып бара қоймайды ол кездегі жиһанкездер. 3,5-4 жыл дегенде әрең жетіпті әлгілер қазіргі Бейжіңге. Ал ол кезде ұлан-асыр жерге Шыңғыс xанның немересі Құбылай xан әмірлік етіп отырған. Марко Полоның жасы шамамен жиырмаларда. Жедел жергілікті тілді меңгеріп, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, 17 жыл бойы xанның қол астында адал қызмет етеді. Ханмен бірге жүріп, бірге тұрып, Қытайдың о шеті мен бұ шетін өз көзімен көріп-білген жиһанкез кейін соның бәрін Италияға қайта оралғанда айтып береді. Қытайдың xаны өте бай, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес демей ме... Жауабына разы болмайды естуші құлақ. "Мильоне!" – дейді сол кезде байлықтың бәрін санмен сөйлеткісі келген ол.

Милле – итальянша мың деген сөз. Мильоне деп тұрғаны сондағысы мыңның мың есесі екен.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Қосылған күні: 08 мамыр, 09:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.