Жоғары білімді қажет етпеген кәсіпкерлер

Жоғары білімді қажет етпеген кәсіпкерлер
Фото: massaget.kz

Табысты кәсіп ашу үшін жоғары білімнің болуы шарт емес. Бұл сөзбен мына даңқты кәсіпкерлер де келіседі. Олардың ойынша қазіргі заманның жоғары білімі асыра бағаланған.

Кәсіпкер Ричард Бренсон 16 жасында мектепті тастап кеткен. Оның бағалары нашар болды, дислексия кесірінен оқу қиын болды. Бірақ бұл оған Virgin Group атты үлкен корпорацияға иелік етіп, Ұлыбританияның ең дәулетті адамы болуға еш кедергі келтірмеді.

"Virgin стиліндегі бизнес" атты кітабында Бренсон университеттердігі оқу уақытын кемі бір жылға азайту керек деп жазады. Автор ойынша, бұл жастарға тезірек жұмыс бастап, практикалық дағдыларды игере бастауына ықпал етеді.

"Прагматик адам ретінде 4 жылға бөлінген 100 аптаның орнына 80 апта оқыса да жеткілікті деп ойлаймын".

Питер Тиль – Стэнфорд университетінің бакалавры, PayPal төлем жүйесінің негізін қалаушы. Тильдің қазіргі активі 2,5 миллиард доллардан асады. Оның ойынша, өмірде университет дипломынсыз-ақ үлкен жетістіктерге жетуге болады. Соны дәлелдей түсу үшін Питер "Thiel Fellowship" жобасын ашты. Фонд жыл сайын оқуды тастап өз стартапын жүзеге асырғысы келетін бірнеше студентке 100 мың доллар көлемінде грант береді. Екі жыл бойы студенттердің бизнесіне түрлі көмек көрсетіледі.

Кәсіпкердің пікірінше, беделді оқу орнына ақша мен уақыт құртқанша, тұлға болып дамып, іске көшкен жөн. Көпшілік оқу ақысына деп алған несиесін диплом алған соң да біраз уақыт өтеп жүреді.

Адамзат тарихындағы ең алғашқы долларлық миллиардер жоғары білімді жетістіктің кілті деп есептемеген. Ол Кливленд университетінде есепші мамандығына түскен. Мамандықты меңгеру үшін үш айлық курс та жеткілікті екенін түсініп, Рокфеллер оқудан шығып кетеді. Кейін есепшінің көмекшісі болып жұмыс істейді, жинаған ақшасын болашақ бизнесіне инвестициялайды.

Рокфеллер диплом – үлкен табыстың кілті емес, тек мансап үшін старт екенін баса айтады. Себебі ешкім маманды тек дипломы үшін ғана бағаламайды.

"Диплом сенде ешқандай проблема жоқ деген алдамшы сезім сыйлайды. Ол түлекке жоғары білімі жоқтардан әлдеқайда жоғары тұрсың дегендей иллюзия береді. Алғашқыда ертеңнен бастап тасың өрге домалап, кез келген мәселеге дайын болатындай оптимист боласың, бірақ оның барлығы иллюзия".

Стив Джобс асыранды бала болған. Асырап алу шарты бойынша Джобс жоғары білім алуы тиіс еді. Сондықтан мектептен кейін жекеменшік Reed College гуманитарлық оқу орнына түскен, бірақ алты ай оқудан кейін оқуды тастап кетеді. 2005 жылы Стэнфорд университетінің түлектеріне айтқан сөзінде бұл шешімін екі нәрсе түрткі болған. Біріншіден, оқу ақысы тым көп болған, ата-анасының бар табысы соған кетіп отырған. Екіншіден, алты айдан кейін ол жоғары білімнің еш мәні жоқ деген шешімге келеді.

Бірақ Джобс университеттегі өзіне қызық білім мен машықтың кейін кәдеге жарағанын жоққа шығармайды.

"Ол кезде оқудан еріксіз шыққандай едім, ал қазір артыма қарасам бұл өмірімдегі ең дұрыс шешімдердің бірі болғанын түйсінемін. Сөйтіп мені оқудан шығарды. Бұл енді міндетті курстарға бара берудің қажетсіз екенін, тек қызықты деп тапқан курстарға ғана баруға болады дегенді білдіретін.  

Reed college каллиграфия саласында мемлекет бойынша ең жақсы білім беретін. Студенттік қалашықтағы кез келген шкафтағы, кез келген орындағы кез келген плакат, кез келген жазба каллиграфия өнерінің барлық заңдары бойынша шебер қолдан шығатын. Оқудан шығарылғанмын, сондықтан әдеттегі сабақтардың бәріне бара беру міндетті емес болатын, мен каллиграфияны зерттеуге бекідім.

Қаріптер гарнитурасы туралы көп нәрсе үйрендім. Әріптердің әртүрлі оқылуы, аралығындағы өрнектеулер секілді типаграфиканы көркем ететін нәрселердің бәрін білдім. Осы жұмыстарда әлдебір сұлулық, тарих, өнер нәзіктігі, ғылым жетпес бір нәрселер болды... осылар мені арбай түсті.

Ол кезде маған осылардың өмірде пайдалануға ешқандай мүмкіндік жоқтай көрінетін. Арада 10 жыл өткенде, біз бірінші Макинтошты өндірген кезде менің каллиграфия туралы барлық білмім қайта оралды, керегіме жарады. Макинтош әдемі әріптері бар алғашқы компютер болды. Егер колледж кезінде осы сабаққа бармаған болсам, Макинтош та әртүрлі гарнитураларды, әріптерді қолдану мүмкіндігі бар үйлесімді компьютер болмас еді…"

Massaget.kz