Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Кітап оқи алмайтындарға 5 кеңес

Кітап оқи алмайтындарға 5 кеңес

Кітап оқи алмайтындарға 5 кеңес

Кітап оқығанды ұнатсаңыз, алайда күйбең тіршіліктен сүйікті ісіңізге бос уақыт таппай жүрсеңіз, төмендегі кеңес сізге арналған.

1. Кітапты өзіңізбен бірге алып жүріңіз

Көптен бері оқығыңыз келіп жүрген кітапты өзіңізбен ұстаңыз. Қолыңыз босаған сәтте бір-екі бет болсын, оқып үлегересіз. Жұмыста түскі ас уақытында немесе үйге қайтар жолда кітап сенімді серігіңізге айналады. Бастысы өзіңізге ұнаған әрі қызықты кітап болсын. 

2. Кітап оқуға арнайы уақыт бөліңіз

Жұмыс тәртібіңізге, бос уақытыңызға қарай кітап оқуға бірер сағатты бөліңіз. Мысалы, ұйықтар алдында жарты сағат, таңертең 15-20 минут деген сияқты. Бір күнде 100 бетті оқимын деп өзіңізді әурелемеңіз. Аз-аздап, бірақ түсінікті оқыңыз.

3. Әлеуметтік желі мен ойынға жұмсаған уақытыңызды кітапқа арнаңыз

Әлеуметтік желі мен ойындар - уақыттың қас жауы. Бәріміз мұны білсек те уақытымыздың басым бөлігін ойын ойнаумен, әлеуметтік желіні ақтарумен өткіземіз. Уақытша болсын әлеуметтік желі, ойын, сериалдан бас тартыңыз. Оның орнына кітап оқуға дағдыланыңыз.

4. Кітап көз алдыңызда болсын

Көп уақытыңызды өткізетін бөлмеге оқығыңыз келген кітапты апарып қойыңыз. Мысалы, өзіңіздің бөлмеңізге, компьютер үстеліне, ваннаның жанына. Бұл тәсіл кітапты үнемі көз алдыңызда ұстауға көмектеседі.

5. Достарыңызбен бірге кітап оқыңыз

Кітапты жалғыз емес, достарыңызбен бірге оқыңыз. Пікір таластырып, өз ойыңызбен бөлісіңіз. Жарысыңыз. Бұл сіздің кітап оқуға деген қызығушылығыңызды арттыратыны сөзсіз.

Уақыты тым аз, қолынан телефоны түспейтіндер үшін - электронды немесе телефонға арнайы жасалған кітаптарды ұсынамыз. Кез келген уақытта телефоныңыздан қажетті кітапты оқуға мүмкіндік болады.

Айбар Рысдәулет

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Massaget
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 21 қаңтар, 09:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.