Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасы ұсынылды

Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жаңа жазбаны қабылдау бір белгіні екіншісіне ауыстыра салу емес. Бұл әліппенің алдыңғы нұсқаларында жіберілген шалалықтарды жою. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа әліпбиді жасап, оны енгізуде орфографиялық жаңа ережелерді қабылдау қажет. Ұсынылып отырған нұсқада латын әліпбиінің төл белгілері ғана бар", - деді филолог. 

"Диакратиктер қазақ тіліндегі өзіне тән дыбыстарды сақтауға кепіл бола алмайды. Мәселен, смарфтондар мен өзге де жазба құралдары бізге түрлі елден келеді, онда латынның 26 ғана әрпі бар. Диакритикалық белшілерді жаңа латын әліпбиіне енгізетін болса, оларды сирек қолданатындықтан, қазақ тілінің өзіне ғана тән төл дыбыстарынан айырылып қалуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде, әсіресе жастардың арасында "ә" әрпін "а"-ғ, "қ" әрпін "к"-ға ауыстырып қолдану кең таралған, ал кейбірі тіпті "ғ", "ң", "ү", "ұ" сияқты әріптерді елемейтін болған", - дейді Ербол Тілешов.

Біз әлемнің жетекші елдері қолданып жүрген классикалық әліпбиді енгізіп, онда түрлі белгілерді қосатын болсақ біз алға қойған мақсаттарымызға жете алмаймыз. Диграфтарды қолдана отырып, біз өзіміздің дыбыстарымызды сақтап қала аламыз. Ал біздің кейбір әріптестеріміз ұсынып жатқан түрлі диакритикалық белгілер дыбыстың табиғилығын сақтамай, тек ұқсас әріптерді ажырата алуға мүмкіндік береді. Диграфтар бір дыбысты екі әріппен түсіндіретін болса, диакритикалық таңбалар қолдан жасалған жасанды белгілер болып саналады тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры.

"Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын құрастыру кезінде, бірінші кезекте, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Нәтижесінде жаңа әліпбиде 25 әріп болатын болды. Жаңа әліпбиді латын графикасы бойынша дайындау жобасы мынандай принципке негізделді - бір әріп - бір дыбыс, бір әріп - екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында әліпбиге 8 диграф қосылды", - деді Тілешов.

Сондай-ақ, тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасының апробациядан өткенін айтты. "Латын әліпбиін, әсіресе, жастар жақсы қолдана алады. Жазып үйрену ол уақытпен келеді. Ал жаңа әліпбидің бірыңғай стандарты сатылай жүргізілетін болады. Сондықтан да Қазақстан азаматтарына әліпбиді меңгеру еш қиындық туғызбайды", - деді Ербол Тілешов.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

3093 1
Рейтинг: +1

Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 15:29
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...