- Негізгі бет
- Білім
- Санаңызды сергітетін сұрақтар...
Санаңызды сергітетін сұрақтар
1. Қандай жағдайда сағаттағы 2 цифрін көріп тұрып, «он» дейміз?
2. Сізде көп су, 5 литрлік және 3 литрлік екі ыдыс бар. Тек осы екі ыдыспен бес литрлік ыдысқа тура 4 литр болатындай су құю керек. Қалай?
3. 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа беретін болса, 12 тауық 12 күнде неше жұмыртқа береді?
4. Бір танысым күніне он рет сақал алады. Бірақ сонда да сақалмен жүреді. Қалай сонда?
5. Ол алдыңғы күні 17 жаста болды. Ал келесі жылы 20 жаста болады. Бұл қалай?
6. Бір бөлмеде үш шам бар. Ал келесі бөлмеде оның үш ажыратқышы бар. Қай ажыратқыш қай шамдыкі екенін табу керек. Шам бар бөлмеге бір-ақ рет кіруге болады.
7. Бұл адамға үш рет беріледі. Алғашқы екеуі тегін, үшіншісін алу үшін ақшасын төлеу шарт. Ол не?
8. Бір-бірінен айнымайтын екі есіктің алдында тұрсыз. Оның біреуі – өлімге, біреуі – бақытқа апарады. Екі есікті де түр-тұлғасы бірдей күзетші қарауылдайды. Оның біреуі үнемі өтірік айтады, екіншісі тек шындықты айтады. Бірақ қайсысы кім екенін білмейсіз. Қай күзетшіге болса да, бір ғана сұрақ қоя аласыз. Есікке қателеспей кіру үшін қандай сұрақ қоясыз?
9. Бір қыз таңғы ас ішіп отырған кезде сақинасын кофе толы шыныға түсіріп алды. Сақинасы қалай құрғақ күйінде қалды?
10. Әкесі екі ұлын ертіп сейілге шығады. Жүріп келе жатқанда өзенге тап болады. Өзеннің жағасында қайық бар екен. Ол не әкесін, не екі ұлды ғана көтере алады. Келесі жағаға жету үшін қайықты қалай пайдалану керек?
11. Асқар мен Бақтияр қараңғы әрі лас шатырда ойнап жүреді. Төменге түскен кезінде бір-біріне қараса, Асқардың беті кір-қожалақ, ал Бақтияр әлдебір таңғажайыппен тап-таза болып шығады. Бірақ Бақтияр бетін жууға кетеді де, керісінше, Асқар жуынбайды. Не себепті?
12. Бір адам түйірін 50 теңгеге көп алма сатып алды. Оны біреуін 30 теңгеге сатты. Арада біраз уақыт өткенде миллионерге айналды. Бұл қалай?
Жауабыңызды пікірге жазыңыз. Дұрыс жауабы ертең шығады.
@. @assel_assanova