Білім – бақтың жібермейтін қазығы

Білім – бақтың жібермейтін қазығы
Фото: marketoblog.pro

1 қыркүйек – білім күні. Еліміздегі мектептер мен жоғарғы оқу орындары өз есігін ашып, оқушыларын қарсы алады. Жас талапкерлер білім жолындағы кезекті сапарына шығады. Білім – адам баласының өмірлік азығы, таусылмас байлығы. Осы тұста білімнің басты байлық екенін айғақтайтын мақал-мәтелдерді назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 

Ақыл – тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

 

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылдыдан нақыл шығар.

 

Оқу - білім азығы,

Білім- ырыс қазығы.

 

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

 

Оқығанның беті жарық,

Оқымағанның беті көн шарық.

 

Көп оқыған білмейді,

Көп тоқыған біледі.

 

Асырауын тапса адам болар,

Оқуын тапса білім қонар.

 

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

 

Білім – бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

 

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

 

Өнер – бұлақ, білім- шырақ.

 

Білім іздеген өсер,

Бүлік іздеген өшер.

 

Білімсіздің білмегенін кешірмесең,

Білгенің қайсы.

 

Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

 

Білім алмай "болдым" деме,

Еңбек етпей "толдым" деме.

 

Білімді әр нәрсенің байыбын айтады,

Білімсіз біреудің айыбын айтады.

 

Білімсіз адамның сөзі білектей,

Білімді адамның сөзі жібектей.

 

Білімді өлсе қағазда аты қалар,

Ұста өлсе істеген заты қалар.

 

Білімсізден де бір іс өтер,

Білімдіден де бір іс өтер.

 

Белгі болса жолдан адаспас,

Білімді болса сөзден жаңылмас.

 

Білімдінің аты өсер,

Білімсіздің аты өшер.

 

Білім- дария көл,

Надандық – сусыз шөл.

 

Білекті бірді жығар ,

Білімді мыңды жығар.

 

Білім – ердің  дәулеті.

 

Мың ділдә – білімдінің жалғыз сөзі. 

О. Сансызбай