“Биіктен секіргім келді“. Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын растады

Танымал продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын растады. Бұл туралы ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Иә, біз ресми түрде ажырастық. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ, бірақ өмір жалғасады", – деді ол.

Өнр иесі өміріндегі ең қиын кезең туралы да жасырмады. Ол кезде бұрынғы күйеуі іс-сапарға кеткенін айтқан. 

"Түнде бәріміз дастарқан жайып, шығарып салдық. Жұмыспен бара жатырмын деді. Дубайдан келген соң сол жақтағы видеоларын көрсетті. Видеоны көріп отырғанда қасында біреу тұрғанын байқап қалдым. Сол сәтте өзімді ұстай алмай, терезеге қарай жүгірдім. 24-қабаттан секіргім келді. Тұрсынбектің өзі тоқтатты, ұстап қалды. Ол да бір таңғы уақыт еді, өте ауыр кезең болды. Шетелге де екеуі барып келген екен. Ол кезде мен Дубайды көрмеген едім", – деді ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!