“Бес жылым босқа кетіпті“. “Құдай салмасын“ деп танылған Ерсін Есенаман жан сырын ақтарды

Kezdesu-дің кезекті қонағы - тиктокер, блогер Ерсін Есенаман. Қарапайым өмірін жасырмай көрсетіп, небәрі бір жылда 400 мыңнан аса оқырман жинаған ол сұхбат барысында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер ішімдікке тәуелділікпен қалай күрескенін де айтты.

"Өзім қойдым. Жеңісім деп ойлаймын. Бірақ оңай болған жоқ. ...Бүгін ішпеймін деп, ертең ішіп кетемін. Сөйтіп 5 жыл іштім ғой. Басында ішкен кезде ұнайтын. Оның несін жасырамын?! Ішкен кезде көңілді, ортаның гүлі болып, дос та, әңгіме де көбейеді. Өзіңді қоғамға керек қыласың. Қалтаңда көк тиын болмаса да. Ертеңінде оның бәрі ұмытылады. Жылдар өте бұл ауруға айналды. Содан кейін ішудің орнына тұңғиыққа батып, тісімді қайрап, өмірге өкпелі болып, ауырып, сосын қойдым. Адамдар еріккеннен ішпейді, оны да түсіну керек. Мендегі себеп - жалғыздық. "Неге менде жоқ, ал ана адамда бар?!" деген. Бұл қызғаныш емес, біреу үшін ішкен жоқпын. Әділетсіздікті көп көрдім. Қазіргі өкінішім бекер ішіппін деймін. Сонда бес жылым босқа кетіпті ғой", -  деді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз