Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласына қатысты тағы бір тың дерек шықты

Бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласына қатысты тағы бір тың дерек шықты
Фото: Әлеуметтік желіден

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. "Бармысың, бауырым?" хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір тың дерекпен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Жәнібектің анасы болуы мүмкін тағы бір әйел ДНҚ сынамасын тапсырған.

"Зерттеу жұмысы барысында "Бармысың бауырым?" редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана – Айгүл", - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы