Бел ауруынан құтыламын деген 82 жастағы әйел 8 бақаны тірідей жеген

Бел ауруынан құтыламын деген 82 жастағы әйел 8 бақаны тірідей жеген
Фото: depositphotos.com

Қытайда белі ауырған әйел 8 бақа жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Қытай дәрігерлері ерекше клиникалық жағдайға тап болды. Ауруханаға 82 жастағы әйелді ұлы алып келген. Әйел іші қатты ауыратынын айтқан. Алайда зардап шегуші бастапқыда не болғанын айтқысы келмеді. Құпияны ұлы ашты.

"Анам 8 бақаны тірідей жеп қойды. Қазір іші қатты ауырғанынан жүре алмай қалды", - деді ол дәрігерлерге.

Чжан есімді зейнеткер көп жылдан бері омыртқа аралық жарық салдарынан белі мен арқасы ауыратын. Бір жақтан "тірі бақа жесең, ауырсыну басылады" дегенді естіп, соған сеніп қалған.

Әйел туыстарынан бақа әкелуді сұраған. Неге керегін ашып айтпаған. Кейін бірден үшеуін шикідей жұтып жіберген. Келесі күні тағы бесеуін жеген.

Көп ұзамай қарнында жайсыздық пайда болып, ауыру күшейген. Ұлы анасын жедел ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлер толық тексеріс жүргізіп, талдаулар алды. Нәтижесінде әйелдің ағзасында паразиттер пайда болғаны анықталды.

"Бақаларды жұтып қою  салдарынан науқастың асқорыту жүйесі зақымдалып, ағзасына қауіпті паразиттер, соның ішінде таспа құрттар түске", - деді аурухана дәрігері.

Әйел ауруханада екі апта жатып емделді. Қытайлық дәрігерлердің айтуынша, олар халық емін қолданамын деп жағдайын ушықтырып алатын адамдармен жиі кездеседі. Кейбірін шұғыл құтқаруға тура келеді. Дәрігерлер маманға уақытылы қаралуға және қарт туыстарға көбірек көңіл бөлуге шақырады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget