“Байғұс актрисалар тура өмірдегідей...“ Гүлнұр Мамасарипова кино әлемінің сырын ашты

“Байғұс актрисалар тура өмірдегідей...“ Гүлнұр Мамасарипова кино әлемінің сырын ашты
Фото: видеодан кадр

Танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желіде кино әлемінің сырын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жақында жарыққа шыққан жаңа сериал туралы айтып, актрисалар мен актерлерді сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында көлемді мәтін де жариялады. 

"Не ғой, осы мен кино түсірсем елдің бәрі разбор жасап кететіні несі? Байғұс актерлер мен актрисаларды тура өмірдегідей, анандай қылып кетеді. Олар да жазылған рөлді ойнап жүр ғой", - деп жазды кинопродюсер. 

Гүлнұр Мамасарипова жақында ғана түсірілген "Күзде келген көктем" сериалы туралы айтып отыр екен. 

"Күзде келген көктем" үшін тұрып беремін негізі. Енді басталды ғой, жандарым-ау, шамалы уақыт беріңіздер. Бір жылап, бір күліп көретін боласыздар. "Келінжан" Келінжан болу үшін алты жыл кетті, 120 серия түсірілді. Үш сериядан кейін ондай нәтиже күтудің өзі... Жалпы бұл мүлдем басқа дүние ғой", - деді ол. 

Еске салайық, танымал кинопродюсер Динара Сәтжанға берген сұхбатында "Келінжан" арқылы танылған Дариға Бадықованы өзіне бәсекелес санамайтыны туралы айтқан болатын. Ал "Келінжан" фильмінің прокатынан түскен табысқа қызы Сара Амангелдіге ("Келінжан" сериалына түскен) пәтер алып бергенін айтқан. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева