Баянауыл ұлттық паркінде орнатылған фототұзақтар бұл жолы бұландарды түсіріп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұлан - орманды мекендейтін ең ірі тұяқты жануарлардың бірі. Ол ірі денесіне қарамастан, қалың орман арасында еркін қозғалып, көбіне адам көзіне түсе бермейді.
"Сондықтан мұндай кадрлар жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылау үшін өте құнды. Мамандар фототұзақтар арқылы жануарлар қай аумақты мекендейтінін, қозғалысын, олардың табиғи ортадағы мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік алады", - деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова