Актриса, әнші Айгүл Иманбаева ALEF Production youtube-арнасына берген сұхбатында тұрмысқа шығуына қатысты әріптесінің түс көргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрбысы Баян Мақсатқызы Айгүл Иманбаеваның тұрмысқа шығатынын түсінде көрген.
"Осыдан үш жыл бұрын Баян түс көреді. Сосын маған хабарласып, "сен тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба" деді. "Жоқ" деймін ғой. "Мен босқа түс көрмеймін. Сен тұрмысқа шығасың. Ақ көйлекпен қымбат көлікте отыр екенсің, қасыңда мен бармын" деді. "Әумин, айтқаның келсін" дедім. Ал күйеуім маған ұсыныс жасағанда бірінші Баянға хабарластым. Ол қуанғаннан жылап жіберді. Өйткені сенің бақытыңа, қуанышыңа ешкім қуанбайды. Сосын Баян "фотосын бізге де жіберме, халықтың адамысың, ешкімге ештеңе көрсетпе. Уақыт келеді, сол кезде танысамыз" деді", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!