Баян Алагөзова алғаш рет бала күтушісі туралы айтты

Баян Алагөзова алғаш рет бала күтушісі туралы айтты
Фото: Баян Мақсатқызының желідегі суреттерінен коллаж

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагузова жаңа туған екі қызы Алма мен Алисаны кім бағатыны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баян Мақсатқызы қыздарының әкесі және қазіргі күйеуі Тұрсен Алагөзов бала күтуші болып жүргенін жариялады. 

"Әкесі күн сайын кешке балаларды ұйықтатады... Қазір біз мультфильм көреміз", - деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшкасында.

Баян Мақсатқызы жариялаған кадрдан шынымен Тұрсеннің бетперде киіп, бір қызын қолына алып жүргенін көруге болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева