Бауыр обыры - қатерлі ісіктің ең күрделі және қауіпті түрлерінің бірі. Маман аурудың белгілері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Негізгі белгілері қандай?
Онкология орталығының онкологі Назира Бижанованың айтуынша, бауыр обырының негізгі қауіп факторлары - созылмалы В және С гепатиттері, цирроз, бауыр ауруы, ішімдікті шамадан тыс тұтыну.
Кімдерге сақ болған жөн?
Маманның пікірінше, тәуекел тобындағы адамдарға денсаулығына ерекше назар аударған жөн. Алғашқы сатыларда ауру тез шаршау, тәбет төмендеуі және оң жақтағы ауырлық сезім сияқты белгілермен көрінуі мүмкін.
Сондықтан ауруды ерте анықтау үшін тексерістер мен скринингтерден өту өте маңызды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова