Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы бауыр ауруының айқын белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер бұл жайлы өзінің инстаграм-парақшасында жазды.
Бауырдың ауырғаны сізге білінбейді. Бұл белгілерді байқасаңыз, бауыр мен өтіңіз "бізге көмек керек" деп айқайлап жатыр деп біліңіз:
- Терідегі, көздің астындағы ұсақ ісіктер;
- Дененің әр жерінде қан тамырлар қызарып көріне бастайды. Бауырдағы қанайналым бұзылғанда қан тамырларға қысым түсіп, тері астындағы капиллярлар кеңейіп, теріде әр жерден қызарып көрінеді;
- Ауыздан жағымсыз иістің шығуы. Бауыр жасушалары бүлінгенде уыттарды дұрыс шығара алмай, жағымсыз иіс шығады;
- Көздің ағы мен терінің сарғаюы. Бауырдың міндеті - билирубинді өңдеп, ағзадан шығару. Ауру бауыр оған әлі келмей, бұл сары пигмент қанда жиналып тұрып қалады да, тері сарғаяды.
Дәрігер бұл белгілерді байқаған кезде дәрігерге қаралуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Дәрігерлер бауыр ауруын қоздыратын зиянды әдеттерді атады