“Бауы берік болсын“. Сәкен Майғазиев жақсы жаңалығымен бөлісті

“Бауы берік болсын“. Сәкен Майғазиев жақсы жаңалығымен бөлісті
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

Танымал әнші, "МузАРТ" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Балапанның бауы берік болсын, алтын қыз!", - деп жазды әнші Қымбат Шашубайды өмірге сәби әкелген күнімен құттықтап. 

Сәкен Майғазиевтің ерекше құттықтауына алғысын білдірген ару да әлеуметтік желідегі парақшасында қалай босанғаны туралы жазып, кеңесін айтты. 

"Жұмысымды бітіріп, араға бір күн салып, роддомға келдім", - деп жазды Қымбат Шашубай Сәкен Майғазиевпен бірге жұмыс процесінен видео жариялап. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева