"Бауы берік болсын". Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығын бөлісті

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға жұрт құтты болсын айтып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде әнші, вокалист Арманай Мұхамедиярованың қыз босанғанын жазып, оқырмандарынан сүйінші сұрады. Арманай Мұхамедиярова Мақпал Жүнісованың жиені болып келеді. 

"Бүгін өте керемет күн. Туған әпкемнің қызы Арманай аман-есен босанды, тәтті қыз келді, баршаңызға бұйырта берсін", - деп жазды әнші. 

32 жастағы Арманай бүгін үшінші баласын дүниеге әкелген. Ол Қазақ ұлттық өнер университетінде эстрадалық вокалдан сабақ береді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!