Батыста тағы да аптап ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Батыста тағы да аптап ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 10, 11, 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыста жоғарғы қысым әсерінен ауа райы ыстық әрі ашық болады. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Орталықта, 10-11 шілдеде оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Республика бойынша жел күшейеді.

"Күндіз республиканың батысы мен оңтүстік-батысында 40-44 градусқа дейін аптап ыстық болады. Солтүстік өңірлерде күндізгі температура 22-27 градустан 17-23 градусқа дейін төмендейді. Шығыста температура негізінен 20-28 градус болады. Оңтүстікте ауа температурасы 25-37 градустан 38-43 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды. Оңтүстік-шығыста күндіз термометр бағаны 25-30 градусты көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget