Батыста аптап ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Батыста аптап ыстық: алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 8, 9, 10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтальды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

  • 9-10 шілдеде солтүстікте, 10 шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел соғады.
  • Тек республиканың батысында солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ел бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік өңірлерде тұман түседі.

"9-10 шілдеде күндіз батыста, оңтүстік-батыста қатты ыстық болады: 35-41 градус, солтүстік-батыста 35-38 градус болады. Солтүстік өңірлерде түнде 7-15, күндіз 20-27 градус жылы болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget