- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Басында Саят Медеуовті...
"Басында Саят Медеуовті алғысы келген". Сәкен Майғазиев әйгілі "МузАРТ" тобы қалай құрылғанын айтты
Танымал әнші Сәкен Майғазиев "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әйгілі "МузАРТ" тобы қалай құрылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаев топқа алғашында Саят Медеуовті алғысы келген.
"Өнер академиясын бітірген кезде таң атпай Мейрамбек кездесіп қалды. Сабаққа кетіп бара жатқанмын. Тура бітіретін жылы. Мейрамбек "мәссаған, сені итпен іздеп таппай жүрміз" деді. Сонда Мақсат Базарбаев мені ұсынған екен. "Эстарада айтатын Сәкен деген әнші бар еді ғой" деп. Басында олар топқа Саят Медеуовті алғысы келген. Сөйтіп, үштік болып шығатын болған. Жанатбек пен Сәбит Әбдіхалықов бар. Барлығы кішігірім театр болып кетсек деген ниеті болған. Бірақ өздері ойлана келе "үшеуміздің табиғатымыз бірдей болып қалатын сияқты" (деген - еск.). Мақсаттың ұсынысымен маған келген. ..."Сенің көзің" деген әнді жазып шықтық. Алдымызда топ боламыз ба, болмаймыз ба деген сұрақ тұрды. Сағаділда Үсіпәлі деген аға, досымыз бар, сол "МузАРТ" деп атын қойып берді. Алты ай есімсіз топ болып жүрдік", - дейді әнші.
Айта кетейік, топ 2001 жылғы сәуірде құрылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова