Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтеріне қатысты даулы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Гүлзира Айдарбекова TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирі кезінде "Отбасына неге көмектеспейді" деп Қайрат Нұртасты сөгетіндерге жауап берді. Продюсер бұл жағдай Әбдікәрімоваға сабақ болатынын айтты.
"Алданып қалды. Ол жерде менімен де, Қайратпен де ақылдасқан жоқ. Өзі де кішкене көріп жатыр. Өз қателігін мойнымен көтеріп, ол да тырысып жатыр. Кішкене басына тигені жақсы. Әр нәрсенің қадірін біледі. Ол үй де оңайшылықпен келген жоқ. Қайрат екеуміз неше күн, неше түн ұйықтамай, концерт беріп, дизайнермен ремонт жасап, жиһазын алып берген үй ғой. Кішкене көрсін. Қайраттың бала-шағасы үйсіз қалмайды. Жұлдыз да үйсіз қалмайды. Бірақ арасына уақыт керек. Үй алу оңай емес. Ол да қымбат үй болды. Мен үйімнен айырылып қалсам, ертең барып ала салатын оңай дүние емес. Оның артында Қайраттың еңбегі тұр. Қайрат та адам. Сол үшін артық сөздің керегі жоқ", - деді Айдарбекова.
Продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова 100 мың доллардың үйінде тұрмайтынын айтты.
"Сіздер уайымдамай-ақ қойыңыздар. Үй алынбай жатса да, миллион теңгеге жалдап тұрып жатыр. Үш айда үш миллион төлеп қояды. Бала-шағаның барлығы қымбат мектептерде оқиды. Үш ай сайын 4,5-5,5 млн теңге төлейді. Шопырына да төленеді. Қайраттың тарапынан бар жағдай жасалып жатыр. Сол үшін мені, Қайратты кінәлап керек жоқ. Қайрат бала-шағасын үйсіз қалдырмайды. Құдайға шүкір, отбасын, Жұлдызды жақсы көреді. "Сені сүйем" деген әндер босқа шыққан жоқ. Жұлдыз да менің алғашқы қызығым. Ол қандай болса да, менің келінім. Сол себепті мен қолымды кесіп, оны жамандап отырмаймын ғой. Бәрі менің бала-шағам, менің ұрпағым. Қазір Жұлдыз 100 мың доллардың үйінде отырады деп тұрсыз ба?! Олар жақсы нәрсеге үйренгеннен кейін қымбат үйді қалайды. Ол үшін Қайратқа қаншама жұмыс істеу керек. 30-50 мың доллардың үйіне тұрмайды. Ондай үйге тұрса, қазір-ақ әперер едік. Пенде болған соң бәрінде қателік болады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып қалғанын айтты.
Кейін актриса бұл алаяқтарға алданып қалған жалғыз ол емес екенін мәлімдеді.
"Tumar Grand Vilage құрылыс компаниясынан үй алып, алданып қалған жалғыз мен емеспін. Бірнеше адам болып, сотқа шағым түсірдік. Алдағы уақытта сот барысын қалдырмай, өздеріңізге баяндап отырамын. Уайымдап жатқан баршаңызға рақмет", - деп жазды ол.
Өнер иесі сотқа шағымданғанын жазып, алаяқтар туралы деректер жариялай бастаған соң оған дәл осы компаниядан үй аламын деп ақшасынан айырылып қалған адамдар хат жаза бастапты.
Алайда Жұлдыз Әбдікәрімова бірінші аудандық сотта жеңіліс тапты.
Жұлдыз Әбдікәрімова БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіп, бұл істі жайсыз қалдырмайтынын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!