Басы жиі ауратындар әдетте қандай тамақ жейді?

Бүкіл әлемде 2021 жылы бір миллиардтан аса адам бастың "сақина" ауруына шалдықан. Бұл - жер шарындағы халықтың шамамен 14 пайызы. Кейінгі жылдары дерт ерлер мен жастар арасында да жиілеп барады. Ғалымдардың айтуынша, мұның себебін тек тұқым қуалаушылықтан емес, заманауи өмір салтынан - стресс, ұйқының бұзылуы, қала өмірі және, әрине, тамақтану әдеті. Бұл туралы гастроэнтеролог, медицина ғылымдарының кандидаты Екатерина Кашух айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Бастың "сақина" ауруын (мигреньді) қоздыратын тағамдар

Шоколад, кофе, кейбір ірімшіктер бұл ауруды қоздырады. Бірақ кейінгі зерттеулер жалпы тамақтану тәсілі де маңызды екенін көрсетіп отыр.

Мысалы, Scientific Reports журналында жарияланған зерттеу нәтижесі бойынша, мигреньге жиі шалдыққан адамдардың ас мәзірінде көбіне мынадай тағамдар болған:

  • қуырылған ет пен тауық,
  • шұжық пен жартылай дайын өнімдер,
  • бұршақ тұқымдастар,
  • қатты ірімшіктер,
  • цитрус жемістері,
  • шай мен кофе,
  • газдалған сусындар,
  • жаңғақтар,
  • тұздалған тағамдар,
  • шоколад,
  • консервілер мен соустар,
  • алмұздақ,
  • майшабақ.

Мұндай өнімдерді жиі жейтін адамдардың мигрень ұстамасы да жиі және ауыр өтетіні байқалған.

Неліктен дәл осы өнімдер әсер етеді?

Кейбір ірімшіктердің құрамында тирамин деген зат бар. Ол қан тамырларын жиырып, мидың жұмысын өзгертеді. Көп адамға әсер етпесе де, кей кісілерде бас ауруын қоздырады.

Ал шұжық, жартылай дайын тағам мен консервілердің құрамындағы қоспалар - нитрат, нитрит, тәттілендіргіштер мен консерванттар - мидың қан айналымына әсер етіп, мигрендік ұстамаға себеп болуы мүмкін.

"Бір адамға әсер еткен тағам екіншісіне мүлде әсер етпеуі мүмкін. Әр ағзаның ерекшелігі бар", - дейді дәрігер.

Ас ішу уақыты да маңызды

"Ағза ашыққанда стресс гормондары бөлінеді, бұл да мигреньді күшейтеді", - дейді маман.

Сонымен қатар, аз су ішу де қауіпті.

Басы жиі ауратын адамдарға не істеу керек

  • көкөніс пен жемісті көбірек жеу,
  • дәнді дақылдар, балық, жаңғақ пен көк шөп тұтыну,
  • суды жеткілікті ішу, ас ішу уақытын өткізіп алмау ұсынылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!