Туысыңыз қарызға ақша сұрады, өзіңіз қаржылық жағынан қиналып жүрсеңіз де, бас тарта алмадыңыз. Досыңыз такси шақыра алады, бірақ сізден оны күтіп алуын өтінді, таңертең жұмысқа ерте тұру керек болса да, оны күтіп алу үшін түнде вокзалға бардыңыз. Бір танысыңыз сәтсіз аяқталған қарым-қатынасы жайлы ұзақ уақыт бойы айтып отыр, ал сіз шаршап отырсаңыз да соңына дейін тыңдадыңыз. Алайда басқалар үшін жақсы болу – жаман екенін білдіңіз бе?
Өзіңізді басу, басқалардың қажеттіліктерін өзіңізден жоғары қою, біреудің көңілін қалдырудан қорқу, келіспеушіліктерден қашу – дұрыс емес. Оған қоса, өз эмоцияларыңыз бен қажеттіліктеріңізге көңіл бөлмейсіз. Бір қарағанда бұл еш зияны жоқ әрекет секілді, алайда ол барлық адамның сізден үнемі көмек күтуіне және сізге не керегін ұмытуына әкеледі. Нәтижесінде, өзіңізді шаршаңқы және өкпелі сезінесіз.
Психолог Лалита Суглани Doctorpiter порталына өзіңізге зиян келтіре отырып, басқаларға тым көп нәрсе жасайтыныңызды көрсететін белгілерді атады:
Психолог кеңесі
Психолог жеке шекара қоюға кеңес береді: өзіңіз және басқалар үшін қай жерден басқалар аяқталып, өзіңіз басталатыныңызды нақты анықтау.
"Шекара сізге және сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты екенін түсіну маңызды. Не нәрсеге көнетініңізді өзіңіз анықтау керексіз. Сондай-ақ басқа адамдарды өзгерте алмайтыныңызды ұмытпаңыз. Басқалардың сіздің бас тартуыңызды қалай қабылдайтынын уайымдаудың қажеті жоқ. Біз оны бақылай алмаймыз және барлық адамға ұнай алмаймыз", - дейді психолог.