Танымал әнші Нұрлан Еспанов "Қызықты weekend" бағдарламасында ұлының үйленуіне неліктен қарсы болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің сөзінше, баласының отбасын құруына екі себеппен қарсы болған.
"Олжасқа неге келісім бермедім? Біріншіден, ол кезде жас еді. Отбасын қамтамасыз ете алмайтын еді. Содан соң басқа ұлттың қызы болды. Жалғыз тал ұлым. Ұрсып та айтқан жоқпын. "Қалай болар екен? Басқа ұлттың қызын алдың (аласың - еск.), ол жақтың салт-дәстүрін білмейміз. Қалай қыламыз?" деп едім. Олжас маған ешқандай жауап қайтарған жоқ. Содан бір тоқтатқаным бар. Одан кейін шешесі біледі", - дейді әнші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!