- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Басқа әйелдері пайда...
"Басқа әйелдері пайда болған кезде арасы суып кетті". Амангелді Шабдарбаев Сара Алпысқызы туралы ашық айтты
Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы мен Дінмұхамед Қонаевтың әйелі Зухра Шәріпқызы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол TALK LIKE YouTube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Сара Алпысқызы тік айтатын. Басқа әйелдері пайда болған кезде екеуінің арасы қатты суып кетті. Сара Алпысқызы - қарапайым адам. Димаш Ахметұлының әйелі өте білімді болған. Ол Құдайға сенетін, кішкентай Құраны болатын. Даусын көтеріп сөйлегенін байқамадым, еркелейтін. Димаш Ахметұлы оны еркелететін, екеуінің арасында бала болмады ғой. Ал Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси шешімдеріне араласпайтын. Назарбаев онымен санаспайтын. Ол кісі тірі. Не құдалармен де, басқаларымен де араласпайды. Араласатын жақын таныстары да жоқ. Өзі сондай адам. Өзімен-өзі. Ұнамаса айтады. Сара Алпысқызы мені кейін жек көріп кетті. Мен Рахат Әлиевке тиістім ғой. Дариға екеуі мені Сара Алпысқызына қарсы қойды", - дедіэкс-генерал.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек