Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева түсірілім кезінде сырқаттанып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Түсірілімнен шыққанда дене қызуым көтеріліп, тамағым іріңдеп кетті. Сүйектерім қақсап, басым солқылдады. Бірден дәрігерлердің көмегіне жүгіндім. Қан қысымымды өлшеп, енді система қойғалы жатыр. Ауырмаңыздаршы. Түсірілім ішінен осылай ауруханадан бір-ақ шықтым. Ертең Астанаға ұшу керек. Жазылуым керек, одан басқа амалым жоқ", - деді ол ауруханадан видео жариялап.
Еске салайық, жақында Айгүл Иманбаева денсаулығына байланысты Түркияда қаралып жүргенін айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!