- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бәрінен блоктап тастады"....
"Бәрінен блоктап тастады". Абай Бегей екінші некесін қыздарының қабылдамаған кезін еске алды
Әнші Абай Бегей екінші некесі туралы айтып, қыздарының мұны қалай қабылдағанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үйленген кезде (екінші рет - ред.) өте қиын жағдай болды. Қыздар Ақтауда тұрды, бәріміз Ақтауда тұрдық қой. 2018 жылы үйленетін болдым, сонымен неке қию керек. Некеден кейін тойды жариялау керек. Енді оның да туған-туыстары бар, ол бұрын тұрмысқа шықпаған қыз. Нұр-Мүбарак университетін исламтану бойынша бітірген. Сол жерде араб тілінен сабақ беріп жүрді. Үйленуге шешім қабылдап, 2018-де үйлендік. Ол кезде екі кішкентай қызым Ақтауда, барлығы Ақтауда. Былай айтқан кезде, үлкен қызым да, бәрі қарсы болды. Енді үйлену керек болды, үйлендік. Той болды, сол той күні екі кішкентай қызым білмесін дедім де, ініме соғып, бассейнге алып бар дедім. Бассейнге барғанда телефоны түсіп кетіпті. "Папа, сол телефоным бассейнге түсіп кетті" деді. Мен бір іштей қуандым бір жағынан. Олар кешке қарай келіп, Instagram-ды болсын, Интернет желісін көріп қалса, сол кезде бәрі "Үйленіп жатыр" деп шулады ғой. Біреулер "Дұрыс емес онікі" деді. Соны көрмегеніне қуандым бір жағынан. Сөйтіп келесі күні бәрібір көрші әйелдер айтып қойыпты. Сонымен қыздарым жылап, тойдан кейін келесі күні ұшып барып, бірден екі қызымды алып келдім. Үлкен қызым оған дейін де қарсы болып жүрді, 1,5 жыл қарсы болды кәдімгідей, мені бәрінен жауып тастады, телефоннан, бәрінен блокқа қойды. Енді өте қиын ғой. Әрине, оларды да түсінуге болады. Қызғаныш болады", - деді ол Podcast Urpaq Youtube-каналына берген сұхбатында.
Әнші қазіргі әйелі балаларын қарсы алып, күткенімен, үйренісе алмағанын, қазір бәрі реттелгенін, бұрынғы қайын жұртымен де жақсы араласатынын айтты.
"Уақыт керек екен. "Уақыт емші" дейді. Сол бір жылдай ма, кішкене үйреніспей жүрді. Қазір Аллаға шүкір, Алла Тағалам әйтеуір бір-біріне деген мейірімділік берді. Одан кейін Муслим дүниеге келді. Сол кезде де перзентханаға барғысы келмеді. Сосын бөпе келгеннен кейін, екі-үш айдан кейін тәтті болады ғой, содан кейін бір-бірден көтеріп, бауыр баса бастады. Мысалы, әліге дейін кішкентайларды қатты сүймеймін. Көрсеткім келмейді. Жүрегіне қабылдап қалуы мүмкін. Ол өте қиын, енді мұны басына түскен адам біледі", - деді Абай Бегей.
Айта кетейік, мұның алдында әнші Абай Бегей Podcast Urpaq Youtube-каналына берген сұхбатында марқұм жұбайын еске алып, жылап жібергенін жазған едік.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан