- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бәрін талқандап кетті"....
"Бәрін талқандап кетті". Мақпал Жүнісова быт-шыты шыққан төрт қабатты үйін көрсетті
Әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында тозығы шыққан үйіне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, үйінің құбырлары тозған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қайырлы таң, оқырмандарым! Құдай-ай, бұрын үйім өзіме жақсы сияқты көрінетін. Бәрін ашып қарасақ, астының бәрі шіріген. Беті ғана жылтырап тұр екен ғой. Үстінгі қабаттағы дәретхананың құбырлары жарылып, су кетті. Темір де тозады деген осы екен ғой. Жігіттер талқандап кетті. Алла сабыр берсін. Мынаның бәрі орнына келгенше ұйқы жоқ қой", - деді Жүнісова.
Желі қолданушылары "неше жыл бұл үйде тұрдыңыз, неге шетінен жаңарта бермегенсіз", "4 қабаттың бәрін қайтесіз, сіңлім, оны күтіп ұстау оңай емес қой", "сол үйді бұзып тастауға болмай ма", "көңілден шығатындай жөндеу болсын", "сәттілік", "үйіңіз тезірек қалпына келсін", "Құдай қуат берсін" деп жазды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы