- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Бәрін айтамын". Меруерт...
"Бәрін айтамын". Меруерт Түсіпбаева Аман Тасығаннан 700 мың теңге сұрады
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева Аман Тасығанға сұхбат беру үшін 700 мың теңге керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әлеуметтік желіде тарады. Онда ол журналист Аман Тасығанға сұхбат беруі үшін 700 мың теңге керегін айтады.
"Жыл сайын Аман Тасыған хабарласып, сұхбат беруімді өтінеді. Жыл сайын мен бағасын көтеремін. 700 мың төле, мен сол 700 мыңды жаңа жыл қарсаңында аурушаң балаларға беремін. Чегін саламын, солай тақырыпты жабасыз. Саған бәрін айтамын, кіммен тұрамын, неге ұрсысамын, неге жылаймын, қайда барғанымды - бәрін айтамын. Мен бір тиын да алмаймын. Демеуші ізде. Өзіңді сатып үйренгенше мен Америкаға көшіп кететін шығармын", - дейді әнші видеода.
@meruyert_tusupbayeva Аман Тасыған да ерінбейді. Мені талмай интервьюге шақырады. Менің жауабым осы #рек #рекомендации #амантасыған ♬ оригинальный звук - Мира Тусупбаева
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 14 күні дүниеге келген адамдар қандай болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек