Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы Айдын Тоқсанбаева қазіргі күйеуімен таныстығы туралы "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айдын жолдасымен ажырасқаннан соң, АҚШ-қа жұмыс істеп, ақша табуға кетеді.
"Жолдасыммен екі жаққа кеткен соң "Америкаға барып, ақша табайын, балаларымды ата-анама қалдырайын" деп ойладым. Сөйтіп, тәуекел етіп АҚШ-қа келдім. Бір күні қазіргі жолдасымен таныстым. Бір жылдай сырттай қарап жүрген азамат кездесуге шақырды. Кездесуде ол түсін баяндады. "Түсімде сені көрдім, жанымызда төрт ұл бала болды" деді. Мұны естіген соң сенер-сенбесімді білмей, "балаларым туралы қайдан білесің?" дедім. "Мен сенің бала-шағаң барын білмедім, расымен сенде төрт ұл бар ма?" деді. Оның адалдығына көзім жетті. Бұл ғайыптан келген аян түс шығар...
"Осымен сөйлеспей-ақ қояйық, уақытым жоқ" деп Қазақстанға кетіп қалдым. Ол мені Дубайға шақырды. Дубайға барғанда "менің барлық ниетім шынайы, барлығын қабылдадым" сырға тақты. Төрт баламен Америкаға билетімізді алып, осы үйді Дубайда отырып таңдады. Біз келем дегенше көлік сатып алды. Сөйтіп, бәрі ертегідегідей болды", - деді ол.
Айдынның айтуынша, бала асырап алу туралы шешіміне әкесі қарсы болған.
"Ең басында осы ой пайда болған кезде әкем қорықты. Ер адам қорқақ болады ғой. "Ертең дауысым қатты шығып кетсе, ол Алланың аманаты ғой" деп қорықты. Бірақ анам екеуміз "ол сенің балаларың ғой, ұрсасың, ештеңе етпейді" дедік. Ал қазір әкем менімен балаларға таласып жүр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін "Әкесі ойнатады". 4 ұлымен филиппиндікке тұрмысқа шыққан қазақстандық ерекше видео жариялағаны туралы жарияланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!