Танымал актриса, продюсер Дариға Бадықова қоғамда психология туралы айтатын мамандардың көбейіп кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса бұл мамандардың айтқан ойымен келіспейтін сияқты.
"Қайда барып отырсаң да психология жайында әңгімелер... Басқа жазылған пешене, тағдыр дегенді ұрмайды кей адамдар. Бәрі ақылды болып отыр", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, жақында актриса сыртқа келбетіне сын айтатын адамдарға да жауабын айтқан болатын.
"Жаңа дәуірдің балалары болған соң олардың түсінігі бөлек. Маған "2 миллиард жинаған актрисасың ғой, ерніңді, көзіңді, қасыңды жасатпайсың ба?" деп жиі айтады. Енді бойжеткен қыз болғаннан кейін олардың өмір сүру әдісіне сыйластықпен қарау керек. Бірақ мен өзім қорқады екенмін өзгеруге. Мұрын жасатауға үш ай кетеді екен. "Актрисалардың ішіндегі былай жүретін адамсың ғой" дейді маған. Менің былай жүрмей-ақ көзге түсіп қала беретін әдетім бар. Сондықтан ойбай мен көрінуім керек деп тырыспаймын да, қысылмаймын да. Бір жерге баратын болсам да қораз құсап киінгім келмейді. Менде бәрі талғаммен", - деп жауап берді актриса өзінің сыртқы келбетін сынайтын оқырмандарына.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!