Диетолог Татьяна Залетова "Radiosputnik"-ке балық жемейтін адамдарға рационына шалғамды қосуға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шалғам – ауыл-шаруашылықтың жаңа маусымының алғашқы көкөністерінің бірі. Ол тағамдық талшықтарға, пайдалы майларға, дәрумендерге және минералды заттарға бай.
"Шалғам С дәруменінің көзі ретінде бағалы. Сондай-ақ оның құрамында тағамдық талшықтар көп. Шалғам адамның жүйке жүйесіне пайдалы В тобы дәрумендерінің алмасуына қатысатын кремний және кобальт секілді минералды заттарға бай. Шалғамда көмірсу алмасуына қатысатын хром көп: ол инсулинге төзімділікті төмендетеді және артық салмақтан арылуға көмектеседі. Оған қоса, оның калориясы аз: 100 г шалғамда шамамен 20 ккал бар", - дейді Татьяна Залетова.
Бұл көкөністің құрамында қыша майы, сәйкесінше, омега-3 майлы қышқылдары бар.
"Шалғам балық жемейтін адамдарға пайдалы, себебі ол да омега-3 майлы кышқылдарына бай. Қыша майы бактерицидті және ішек құрттарын айдайтын қасиетке ие. Оны ревматизм (буын ауруы) және басқа да аурулар, тұмау және несеп-тас ауруы (асқынбаған түрінде) кезінде жеу ұсынылады", - дейді диетолог.
Алайда шалғамның құрамында қыша майы болғандықтан, кей адамдарға оған қарсы көрсетілім бар.
"Қыша майы шырыштыны тітіркендіруі мүмкін, сондықтан оны гастрит, жара ауруларының асқынған кезеңінде жеуге болмайды. Сондай-ақ шалғамды Вильсона-Коновалова ауруы бар адамдарға жеуге болмайды, себебі оның құрамында мыс өте көп", - деп ескертті маман.
Оқи отырыңыз: Күнде аш қарынға бір қасық зәйтүн майын ішсе ағзада не болады?