Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Дәрігерлер маңызды кеңес берді

Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Дәрігерлер маңызды кеңес берді
Фото: depositphotos.com

Балмұздақ таңдағанда неге мән берген жөн? Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Балмұздақ - сүт және сүт өнімдерінен өндірілетін мұздатылған өнім. Ол жоғары тағамдық құндылыққа ие және оған әртүрлі дәмдік қоспа қосылуы мүмкін.

Мамандар балмұздақ таңдағанда мына нәрселерге назар аударуға кеңес берді:

  • Қаптамасы бүтін екеніне назар аударыңыз;
  • Өндірілген күні мен жарамдылық мерзімін тексеріңіз;
  • Құрамын оқыңыз: сүт, кілегей, сары май болғаны дұрыс;
  • Ерітіліп, қайта мұздатылған балмұздақ сатып алмаңыз;
  • Сақтау температурасы -18 градус және одан төмен болуы керек. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget