Балмұздақ сатып аларда неге назар аудару керек?

Балмұздақ сатып аларда неге назар аудару керек?
Фото: depositphotos.com

Денені салқындатып, бойды сергітер балмұздақ дәмді ғана емес, сапалы болуы үшін неге назар аударған дұрыс? ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балмұздақты қалай дұрыс таңдау керек екені жөнінде бірқатар кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Балмұздақ таңдағанда неге назар аударған жөн?

  • Жапсырма. Өнімнің атауын тексеріңіз. Өсімдік майы қосылған балмұздақты өндіруші "өсімдік-кілегейден жасалған балмұздақ" немесе "өсімдік майынан жасалған балмұздақ" деп белгілеуі керек.
  • Салмақ. Салмағы граммен көрсетілуі керек, өйткені миллилитр балмұздақтың нақты массасын көрсетпейді.
  • Сыртқы түрі. Сапалы балмұздақ біркелкі боялған болуы керек. "Ақ реңктер" майдың пайызына байланысты: ол неғұрлым жоғары болса, түсі соғұрлым "сары" болады.
  • Балмұздақ өзінің бастапқы пішінін сақтауы керек.
  • Әрқашан жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз, егер таңбалары жойылса немесе былғанған болса, сатып алудан бас тартқан дұрыс. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget