Балқия деп танылған актриса араға біраз уақыт салып екінші сәбиін дүниеге әкелді

"Келінжан" телесериалы арқылы қалың көрерменге Балқия деп танылған актриса Нұргүл Мыңғатова екінші сәбиін дүниеге әкелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

42 жастағы актриса қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында бөлісті.

"Аллаға мың шүкір. Қызды болдық. 30.04.26", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп, актрисаның қуанышына ортақтасты. Олардың арасында бұл жаңалыққа таңданысын жасырмағандар да бар: 

"Бауы берік болсын", "Ғұмырлы болсын қызғалдағың", "Әсем қыз болып өссін", "Сұлу қыздың бауы берік болсын, кішкентай Балқия", "9 ай бойы қалай үндемей шыдадыңыз?"

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!