- Негізгі бет
- LifeStyle
- Шоу бизнес жаңалықтары
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Әнші Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балиде демалып жүрген әнші Балжан Бидаш инстаграм-парақшасында бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің жаңалығына қатысты ойын айтты.
"Иә, елде жақсы жаңалық болып жатыр екен. Әр адам қалағанынша бақытты болуға лайықты. Қалағанынша өмір сүруге құқылы. Дұрыс/бұрыс деген нәрсе жоқ. Тек дұрыс адам болып қалу маңызды. Әзірге айтарым осы. Бірақ жалпы іштей сұхбатқа дайындалып жүрмін. Әзірге кімге сұхбат беретінім белгісіз", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ әнші өзіне қолдау білдіріп келе жатқан оқырмандарына алғыс білдірді.
"Маған бақыт тілеп жазып жатқан адам көп. Достар, рақмет! Ата-анам мен халықтың қолдауының арқасында сол кезеңнен тез өтіп кеттім", - деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін актер Жахан Отарғалиев үшінші рет отбасын құрайын деп жатқанын хабарлады. Ол бұған дейін әнші, актриса Балжан Бидашпен отбасын құрып, ажырасып кеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова