Балдыркөк - тамыры да, жапырақтары да тұтынуға жарамды көкөніс. Ол құрамындағы А, В, РР, С, К дәрумендері мен калий, кальций, магний, фосфор минералдары арқылы денсаулыққа өте пайдалы. Сондай-ақ, бұл өсімдік қышқылдар мен эфир майларына да бай. Қазір балдыркөктің адам ағзасына пайдасы жайлы жиі айтылады. Massaget.kz балдыркөктің әйел ағзасына пайдасын ұсынады.
Қатерлі ісіктің даму қаупін азайтады
Балдыркөк антиоксиданттарға бай, сондықтан рационға балдыркөкті қосу арқылы қатерлі ісік ауруларының даму қаупін азайтуға, жүрек саулығын жақсартуға және сүйектерді қатайтуға болады. Термиялық өңдеу дәрумендердің бір бөлігін жоғалтуға әкелетінін ұмытпау керек. Алайда кейбір адамдардың ағзасы суға піскен балдыркөкті шикі түріне қарағанда жақсырақ қорытады.
Анемиямен күресуге көмектеседі
Анемия салдарынан жиі бас айналады, буындар ауырады және жүрек соғысы жиіленеді. Анемия аурулардың асқынып кету қаупін арттыруымен қауіпті.
Диабет қаупін азайтады
Балдыркөк қандағы қант деңгейін реттейтін магнийге бай. Бұл микроэлемент жасушалардың инсулинге реакциясын арттырады және екінші типті диабеттің даму қаупін төмендетеді. Алайда диебеттің алдын алу үшін рационға балдыркөкті қосу жеткіліксіз. Сондай-ақ салауатты өмр салтын сақтау және уақытылы дәрігерге қаралу қажет.
Липидті алмасуды реттеуге көмектеседі
100 г балдыркөкте бар болғаны 13 калория бар. Сондықтан оны жиі арықтағысы келетін адамдар рационына қосады. Балдыркөктің артықшылығы - липидті алмасуды (асқорыту процесі) реттеуге көмектесуі.
Етеккір кезінде хал-жағдайды жақсартады
Балдыркөк шырыны етеккір кезіндегі жағымсыз белгілерді алдын алуға көмектеседі. Алайда оны дәл етеккір кезінде ішпеген жөн, себебі одан етккір көп келуі мүмкін. Сондай-ақ ол гормонды тепе-теңсіздікпен және етеккір үзілісінің алғашқы белгілерімен қиналып жүрген әйелдерге пайдалы.
Сүйектер саулығын сақтайды
Жас ұлғая келе сүйектер аурулары пайда болуы мүмкін. Оның алдын алу үшін рационға балдыркөкті қосқан дұрыс. Оның құрамында сүйектер саулығына қажет және сыну қаупін азайтатын фосфор және К дәрумені бар.
Балдыркөкті қалай жеу керек?
Көпшілік әдетте балдыркөктен пайдалы шырын дайындап ішеді. Ол үшін балдыркөкті жақсылап жуып алып, орташа бөліктерге бөлеміз. Содан соң оны шырын сығатын құралға салып, оның шырынын аламыз. Дәміне қарай лимон суын қосып ішсеңіздер болады.
Сондай-ақ балдыркөктен смузи дайындау оңай. Ол үшін балдыркөк сабағын басқа жемістермен, мысалы, алма, кивимен араластырып, блендермен езіп, үстіне су құяды.
Алайда балдыркөктен тек сусындар ғана емес, сондай-ақ ыстық тамақтар жасауға болады. Мысалы, сорпаға қосуға немесе оны ірімшікпен берге пешке пісіруге болады.
Ғаламторда балдыркөктен жасалатын пайдалы салаттардың да рецепттері көп.
Ескерту: балдыркөк кей адамдардың ағзасына жақпауы мүмкін. Егер қандай да бір созылмалы ауруларыңыз болса, алдымен дәрігермен кеңескен дұрыс.