Дүкенге баламен бару оңай емес. Бала көзі қызыққан нәрсені сұрайды. Сондай-ақ кейде бала дүкеннің ішінде жүгіріп келе жатып немесе ыңғайсыз қозғалып қалып, байқамай ондағы заттарды сындырып алады. Ал кейде қалағанын алып бермеген соң, ата-анасына ашуланып, қолындағы дүкеннің затын жерге лақтыра салуы мүмкін. Қандай жағдайда ата-ана тауардың бағасын төлеуге міндетті? Ал қандай жағдайда төлемеуге құқығы бар? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер заң бойынша тауардың бағасын оның ата-анасы төлеу керегін айтты.
"Балаңыз дүкенде тауарды сындырып алса, оны зиян келтірген баланың ата-анасы өтеуі керек. Заң бойынша ата-аналар өздерінің жас балаларына жауап береді. Егер бала дүкенде бірдеңені сындырып, қиратып тастаса дүкен әкімшілігі ата-анасынан сұрайды", - дейді маман.
Алайда заңгер Думан Көпбаевтың айтуынша, мына жағдайларда дүкенге келген зиянның орнын өтемеуге болады:
Заңгер егер балаңыз дүкен затын байқамай сындырып алса және жоғарыда айтылған нормалар сақталмаған болса, онда тар жолдарды суретке және видеоға түсіріп алуға кеңес берді.
"Егер тауар кассадағы таспадан құлап кетсе, міне осы жағдайларда дүкен өздері жауап береді. Көп адам сатып алушылар мен сатушылар алдында ыңғайсыз жағдайға қалмас үшін төлеуді жөн көреді. Егер сіздің кінәңіз айқын болса, оны дереу төлеген дұрыс. Әрине, дүкен де кінәлі болуы мүмкін, сондықтан өзіңіздің құқықтарыңызды білген жөн. Дүкенмен сатып алушының арасында келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін тар өткелдерді суретке немесе видеоға түсіріп алу керек, бұл дәлелдеуге көмектеседі", - дейді Думан Көпбаев.
Біле жүріңіз: тойда қонақтарды видеоға түсіріп, тарату заңды ма?