- Негізгі бет
- LifeStyle
- Балаңыз білуі керек...
Балаңыз білуі керек 20 этикет ережесі
Көп ұзамай балалар балабақшалар мен мектептерге оралады. Сіздің балаңыз басқа балалармен және ересектермен қарым-қатынас жасауға қаншалықты дайын? Мұны ойлап көрдіңіз бе?
Төменде әр балада болуы керек дағдылардың тізімі берілген. Әлемге әйгілі этикет сарапшысы Майк Майер оларды маңызды деп санайды.
— Үнемі «рахмет» және «өтінемін» деген сөздерді аузынан тастамау.
— Ас құралдарын дұрыс пайдалану.
— Тамақ ішкеннен кейін аузын сүрту үшін майлық қолдану.
— Тамақты аузын жауып жеу.
— Ешқашан ешбір жағдайда үстелде шынтағын қойып отырмау.
— Егер ересек адам біреумен сөйлесіп жатса, оның сөзін бөлмеу. Шыдамдылық танытып, орынсыз қылық жасамау. Егер бірдеңе шынымен қажет болса, әңгімені «Мені кешіріңіз...» деген сөзбен бастау.
— Басқа адамдардың сыртқы келбетін талқыламау. Тек комплимент ғана айту. Жылы сөз ешкімді ренжітпейді.
— Жалпы, орынды комплимент айтуды үйрену керек.
— Адамдарға алғыс айтуды ережеге айналдыру керек.
— Әрқашан шынымен мұқтаж адамдарға көмек қолын созу.
— Өзіңізді және жақын адамдарыңызды дұрыс таныстыра білу.
— Ым тілін қолдану. Жөнсіз қол сермеп, орынсыз жақындамау.
— Ересек адам рұқсат бермеген болса, оны өз атымен шақыру дұрыс емес. «Болат ағай» деп есімімен атамай, «көрші аға» деген дұрыс.
— Артынан біреу келе жатса, есікті ашық ұстауды ұмытпау.
— Телефонға жауап бергенде сыпайы болу. «Але» немесе «Бұл кім?» демеу керек. Ол әдетке айналмауы керек.
— Сөйлесу кезінде көзбен байланыс орнатуды үйреніңіз. Әңгімелесушінің көзіне қарау мәдениеттілік белгісі саналады.
— Біреуге саусағын шошайтпау. Бұл ешкімге ұнамайды.
— Түшкіргенде немесе жөтелгенде аузын жабу. Бұған дағдыланбау – бала тәрбиесіндегі ең айқын қателіктердің бірі.
— Жалғыз қалған адамды қасына шақыру. Бала бір топ досымен ойнап жүргенде, біреудің шетте отырғанын байқап, сезуі керек. Оны топқа қосуға талпынуы тиіс.
А. Оралқызы