Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқан әнші Бақыт Тұрманның тағы бір сынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Тек қана қыздар" подкастына берген сұхбатында ашып айтты.
Бұған дейін желіде Бақыт Тұрманның "Әзіл Әлемі" театрының сахнасына шығуына Мөлдір Мұқан кедергі болды деген қауесет тараған еді.
"Менің оған жаным ашиды. "Әзіл әлемінде" әншілермен мен жұмыс істедім. Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Беспаев, Бибігүл Төлегенова сынды әртістерді шақырғанда әуежайдан қарсы алып, жағдайын жасаймын. Тұрсынбекке әрдайым "Сен биіксің, сенің "Әзіл әлемің" жоғары деңгейінен түспеуі керек. Оған тек танымал адамдар қатысуы керек" дедім. "Мені сахнаға шығармай қойды" деп айтқан екен. Тіпті "Бақытты сахнаға шығаратын болсаң, мен сенімен ажырасымын" деп айтқан, ақыры ажырасты ғой" деген екен. Бәрі бағына орай ғой, біз қолымыздан келгенін жасадық, ол кісіні де сахнаға өнер көрсетуге шақырдық. Жаным ашып, Тұрсынбекке: "Осы сахнада бағы жанып, танымал болып кетсе, шықсын" дедім. Егер ол танымал болмаса, бағы жанбаса, оны әнші ретінде шақырмаса, не үшін жұртқа ренжиді? Тұрсынбек пен Мөлдірге ренжудің қажеті қанша? Баланың тірлігі сияқты, мен оған жауап беріп, оның деңгейіне түскім келмейді", – деді Мөлдір Мұқан.
Еске салайық, бұған дейін әнші Бақыт Тұрман Kezdesu-дің қонағы болып, Мөлдір Мұқанмен арадағы түсініспеушілік туралы айтқан еді. Өнер иесі сұхбат барысында киноға қатысты сыннан кейін Мөлдір Мұқан бәрін түсініп, қатесін мойындағанын жасырмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз