Тілі шықпаған балаға қалай сөйлеу керек? Баланы неше жасында логопедке көрсеткен жөн? Бұл туралы логопед-дефектолог Аида Дадыбаева ibalaqai жобасына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір ата-аналар балаларын логопедке қашан апару керегі жөнінде ертерек ойлану керек. Мамандардың айтуынша, бала 2-3 жасқа келгенде оның сөйлесу дағдыларын бағалау үшін ең қолайлы кезең. Дәл осы уақытта маман баланың сөйлеуі оның жасына сәйкес келіп-келмейтінін тексереді.
Сонымен қатар, ата-аналар баланың алты жасқа келгенге дейін өздерінің қалай сөйлейтініне көп көңіл бөлуі керек.
Ол үшін мына қарапайым ережелерді есіңізге сақтаңыз:
• балаға еліктеп, балаша сөздің айтылымын бұрмаламаңыз;
• анық, тегіс, эмоционалды түрде сөйлеңіз;
• балаға кітапты көбірек оқып, жаңа және бейтаныс сөздерді түсіндіріп беріңіз;
• балаға сұрақ қойғанда, жауап беруін асықтырмаңыз;
• ешбір жағдайда баланы мазақтап, сөйлеу қателіктері үшін жазаламаңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!