- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Баламды танымай қалғандаймын"....
"Баламды танымай қалғандаймын". Дина Төлепберген ұлына әсерлі жазба арнады
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына әсерлі жазба арнап, жан сырын ақтарды., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тележүргізуші бастауыш мектеп бітіру шарасынада ұлын танымай қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бүгін тұңғышым Асқарали бастауышты бітірді. Мектебіндегі концертке барып, баламды танымай қалғандаймын. Кеше ғана бірінші сыныпқа барып, жазуды бірге үйреніп едік. Бүгін алдымда өнер көрсеткен - нағыз жігіт. Уақыт-ай... Қалайша зымырап барасың...Мен эмоцияға көп беріле бермейтін адаммын. Бірақ осындай сәттерде тамағыңа ыстық жас тығылады екен. Аналардың бәріне таныс әсер шығар...Тұңғышым болған соң, Асқаралимен біраз қаталдау сияқтымын. Бастысы, балам, Сені қатты жақсы көретінімді біліп жүр! Мен баламды Әсеке, лидер, голливуд жұлдызы деп еркелетемін", - деп жазды ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы